Осы видеоға бүкір кит пен оның баласы түсіп қалған. Ересек ана кит пен енді өсіп келе жатқан баласы теңіз бетінде біркелкі және үйлесімді жүзіп барады.
Ал олардың жұмсақ арқасын көгілдір су толқыны "сипап" жатыр.
Кит баласы қайта-қайта теңіз тереңіне сүңгігенмен, анасынан алыс кетпеуге тырысады.
Көңілге тыныштық сыйлайтын бұл көріністен көз алу мүмкін емес.