НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз — Sputnik. Қытайдың азаматтық авиация басқармасы Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін әуе кемелерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестікіне екі апта тексеру жүргізеді.
Тексеріс ұшулар мен адам өмірінің қауіпсіздігін мінсіз қамтамасыз ету үшін азаматтық авиация саласындағы жасырын қауіптерді анықтауға бағытталған. Бұл талап бүкіл Қытайдағы әуе қозғалысын басқару бюроларына, әуе тасымалдаушыларына, осы тектес қызмет көрсетушілерге, әуежай операторларына және авиациялық оқу орталықтарына қатысты.
Тексеріс барысында азаматтық авиация қызметкерлерінің біліктілігіне және барлық қауіпсіздік ережелері мен талаптарының орындалуына басты назар аударылады.
Еске салсақ, 2022 жылдың 21 наурызында Қытайдың оңтүстігінде Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әуе көлігінің бортында 133 адам болған.