Қар, жаңбыр жауады: синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Қазгидромет 24-26 наурызға ауа райы болжамын ұсынды.
Республиканың солтүстік өңірлеріне ығысатын циклон әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс аудандарына солтүстік-батыс антициклоны әсерін сақтайды, оның ықпалынан күн ашық болады деп болжанып отыр.
"25-26 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты жауын-шашын өтетін атмосфералық фронтальді бөліктерге байланысты болады. Республиканың оңтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады", - деп хабарлады синоптиктер.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстікте, шығыста, елдің орталығында бұрқасын болады. Қазақстанның солтүстігінде түнде ауа температурасы -2-15 градус, оңтүстігінде ауа температурасы -3-11 аяздан 0+8 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз елдің солтүстігінде ауа температурасы 0-9 градус аяз, оңтүстікте 7+17 градус болады.