Ақтауда жол ортасында лапылдап жанған көлік видеоға түсіп қалды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Ақтауда жол ортасында көлік өртке оранды, деп жазады өңірлік lada.kz.
Тұрғындар лапылдап жанған автокөліктің видеосын әлеуметтік желіде бөлісті.
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті 22 наурыз сағат 22:26-да өрт сөндіру қызметіндегі кезекшіге өрт туралы туралы қоңырау түскенін хабарлады.
"Nissan Primera автокөлігі жанып кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Сағат 22:38-де өрт сөндірілді. Арнайы өрт сөндіру бөлімінің екі техникасы мен сегіз маман жұмылдырылды", - деп хабарлады департаменттегілер.