Өңірлер

Көшкін жүруі мүмкін: Шығыс Қазақстан тұрғындарына ескерту жасалды

Қыс басталғалы бері облыста 81 рет профилактикалық көшкін түсіру жұмыстары жүргізілген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қар көшкінінің алдын алу шаралары "Өскемен-Қатонқарағай-Рахман қайнарлары" тасжолында жүргізілді.
"Құтқарушылар мен "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары аталған тасжол бойында жасанды жолмен жалпы көлемі 4500 текше метр қар түсірді. Бүгінде күн сайын көшкін жүру қаупі бар жерлерге мониторинг жүргізілуде. Азаматтарға дауылды ескертулерге назар аударып, көшкін жүруі мүмкін таулы жерлерге бармау қажеттігін ескертеміз", - делінген ақпаратта.
Қыс басталғалы бері облыста 81 рет профилактикалық көшкін түсіру жұмыстары жүргізілген. Соның нәтижесінде, 80 620 текше метр қар түсірілді.