НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысындағы көлік жуу орындарының бірінде оқыс оқиға болды.
Куәгерлердің айтуынша, 22 наурыз күні Kia жүргізушісі қатты жылдамдықпен автожуу орнына кіріп кеткен, жол апаты салдарынан көлік жуу мекемесінің қызметкері жарақат алды, деп хабарлады Lada.kz сайты.
"Kia жүргізушісі автожуу орнына кіріп кетіп, бокста тұрған көлікті соқты, оны әйел адам жуып жатқан еді. Салдарынан іштегі көлік инерциямен автожуу қызметкерін басып кетті. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді", - дейді оқиға куәгерлері.