НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
"Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы" тасжолының 12-90 шақырымында - "Ақтөбе-Қандыағаш" учаскесі толығымен жабылды.
Бұдан бөлек, "Жезқазған-Петропавл" тасжолының 65-252 шақырымында - "Жезді – Қостанай облысының шекарасы" учаскесінде көз қозғалысы тоқталыды.
Ал екі тасжол бойынша шектеулер енгізілді. Олар:
"Екатеринбург-Алматы" жолының 1353-1426 шақырымы - "Ақмола облысы – Теміртау ПВП" учаскесі;
"Қызылорда-Павлодар" тас жолының 970-1066 шақырымы - "Қарағанды – Молодежный кенті" учаскесі (жүк және қоғамдық көлік үшін).