НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Түркістан жұртшылығы мен қонақтары үшін Қазақстанда теңдесі жоқ экобазар ашылып, азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Онда Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкеге Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысты.
Экобазар – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыруға бағытталған. Және өндірушілердің өнімдерін делдалсыз тікелей сату жүйесін қалыптастырады.
Мерекелік жәрмеңкеге 50-ге жуық тауар өндірушінің 411 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері базар нарқынан 15-20 %-ға төмен бағада ұсынылды.