АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жаңа заманауи үстел теннисі орталығында болды.
Бұл орталық халықаралық үстел теннисі федерациясының барлық талабына сай келеді. Президент спорт кешенінің инфрақұрылымымен танысты, сондай-ақ жас спортшымен үстел теннисін ойнады.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, теннис ракеткасына қолтаңба қалдырды. Ультра заманауи орталық жарыс режимінде 12 теннис үстеліне және жаттығу режимінде 24 үстелге арналған.
Зал үстел теннисіне арналған алты автоматты тренажермен, кәсіби аудио және бейне жабдықтарымен, көрермендерге арналған 328 орындық трибунамен жабдықталған.