Роза Рымбаева мен Иманбек "Наурыз-думан" әнінің ремиксін шығарды

Халық әртісі Роза Рымбаева жас әншілерді, музыканттарды қолдауға әрқашан дайын екенін мәлімдеп, адамдарды мейірімділік пен бірлікке шақырды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Белгілі әнші Роза Рымбаева Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтап, Иманбек екеуі шығарған ремиксті жұрт назарына ұсынды.
Роза Рымбаева Иманбекпен ынтымақтастық орнатқаны туралы айтты:
"Сіздер үшін жақсы жаңалығым бар. Кім не десе де, мен еліміздің эстрадасында болып жатқан өзгерістерге үлкен мақтанышпен қарап, әрқашанда жас әншілерді, музыканттарды қолдауға дайынмын. Біз Иманбек екеуміз бірігіп, "Наурыз-думан" әнінің ремиксін халықтың назарына ұсындық. Меніңше серіктестігіміз сәтті шықты. Сіздерге де ұнайды деген сенімдемін!", - деп жазды Рымбаева.

Ол адамдарды осындай тынышсыз заманда бір-біріне қамқор болуға, мейірімділік көрсетіп, өкпе-реніштерге жол бермеуге шақырды және
"Береке көзі – бірлікте" екенін еске салды.