НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз– Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 2022 жылдың 22-24 наурызында ауа райы қандай болатынын болжады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады — солтүстік және шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын соғып, қар жауады, республиканың оңтүстігінде жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп болжанып отыр.
Ал 23-24 наурызда республиканың батыс өңірлері Солтүстік-батыс антициклонының ықпалында қалады — бұл жерлерде ауа райы жауын-шашынсыз.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Еліміздің шығысында, солтүстігінде және орталығында түнгі температура 5-13-тен 10-18 градусқа дейін ауытқиды, күндіз термометр 0-8 градус аяздан аспайды, республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде 0-8 градус, күндіз 2-10 градус жылы болады.