Елорда тынысы

Өрт сөндірушілер "Хан Шатыр" маңында не өртеніп жатқанын айтты

Sputnik
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Елорданың төтенше жағдайлар департаменті "Хан Шатыр" маңында қара түтін қайдан шығып жатқанын айтты.
"Бүгін сағат 12.45-те өрт сөндіру қызметіне Мұхамедханов пен Домалақ ана көшелерінің қиылысындағы құрылыс объектісінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
Кезекші бөлімшелер оқиға орнына келген кезде төменгі қабатта құрылыс материалдары жанып жатқаны анықталды", - деп хабарлады ТЖД.
Оқиға орнында жеке құрамнан 10 адам және 2 техника жұмыс істеп жатыр.