Өңірлер

Оралда дәретхана шұңқырына құлап кеткен ер адам қайтыс болды

Зардап шеккен адамды шұңқырдан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шықты
Sputnik
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Оралда күкіртсутегімен уланған ер адам қайтыс болды.
Қайғылы оқиға 20 наурызда болған.
32 жастағы ер адам автокөлік қызметі аумағындағы көше дәретханасының шұңқырына құлаған, деп хабарлады жергілікті "Мой город" басылымы.
Зардап шеккен адамды шұңқырдан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шықты.
Денсаулық сақтау басқармасы көше дәретханасына құлаған ер адамның қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.