Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт азайды

Өткен тәулікте Шымкент қаласы мен 9 облыста бірде-бір науқас тіркелмеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанның жеті өңірінде 28 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Бір күн бұрын 49 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталған болатын.
Өңірлердегі статистика
Нұр-Сұлтан қаласы — 4
Алматы қаласы — 17
Ақмола облысы – 2
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Қарағанды ​​облысы – 1
Қостанай облысы – 2
Солтүстік Қазақстан облысы – 1
Шымкент қаласында, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында бірде-бір науқас тіркелмеді.
Елімізде барлығы 1 304 895 адам індетті жұқтырды.