Актер Рүстем Омаров Тоқаевты неге "тигр" деп атағанын түсіндірді – видео

Sputnik
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желілерде президент Тоқаевтың 16 наурызда халыққа арнаған жолдауын қолдау үшін мерекелік митинг пен концерт өткізілгені қызу талқыға түсті.
Желі қолданушылардың көпшілігі мұндай жиындар арқылы Жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес екенін айтып жатыр. Сондай-ақ ол Алматы аренада өткен жастар фестиваліндегі актер Рүстем Омаровтың сөзін әжуаға айналдырды. Актер сахнада тұрып Тоқаевты "тигр" деп атаған және ол сөзін жастармен бірге бірнеше рет қайталады.
Кейіннен Рүстем Омаров көпшілік сұрағына жауап берді:
"Мені түсінген адамдар бар, бірақ мені түсінбеген адамдар да бар. Түсіндірейін: мен мұны депутат болу үшін немесе әкімдікке жұмысқа орналасу немесе қандай да бір лауазым алу үшін айттым деп ойласаңыз, оның маған қажеті жоқ. Мен ешқашан мемлекеттік қызметке бармаймын. Жақсы болғанын қаладым, бірақ бәрібір әдеттегідей шықты", - деді актер Рүстем Омаров.
Ол Тоқаевты "тигр" деп жастардың тілінде сөйлегісі келгенін жеткізді.