АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Көліктегі полиция Алматы облысындағы Құндызды теміржол станциясында Қытаймен шекаралас жерде жабдықталған заңсыз майнинг фермасын тапты.
Бұл туралы ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова хабарлады.
Көлік полициясы тінту кезінде майнинг жабдықтары бар 130 қорапты, сондай-ақ қатқыл дискілер мен жабдыққа арналған қосалқы бөлшектерді тапты.
Сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.