Қоғам

Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам тұрады

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Наурыз мейрамы қарсаңында Ұлттық статистика бюросы елімізде Наурыз есімді қанша адам бар екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда Наурыз есімді 1 453 адам болса, оның 1 417-і ер адам, 36-ы әйел .
Наурыз есімді адамдардың көбі Маңғыстау облысында тұрады – 278 адам, Түркістан облысында 190 адам, ал Қызылорда облысында 160 адам тұрады.
2021 жылдың бірінші қаңтары мен 2022 жылдың бірінші қаңтарына дейін Наурыз есімді 17 сәби дүниеге келген.
Қоғам
Мұсылманша есімдер немесе ат қою кезінде нені ескеру керек?