Өңірлер

Павлодарда түтінге оранған ауруханадан 27 бала эвакуацияланды

Құтқарушылар 27 баланы сыртқа алып шықты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Павлодарда балалар ауруханасы жанындағы құдықта қоқыс өртеніп, ғимараттың іші түтінге оранды.
Қоқыс 19 наурызда кешкі сағат тоғыздар шамасында өртене бастады, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Өрттің жалпы аумағы 12 шаршы метр.
Аурухана ғимаратының бірінші қабаты түтінге толғандықтан науқастарды эвакуациялауға тура келді.
Аурухананың бес қабатты ғимаратынан көрші корпусқа өрт сөндірушілер 28 адамды, оның ішінде 27 баланы эвакуациялады.
Эвакуацияланғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт 21 сағат 20 минутта сөндірілді.
Оқиға
Өскеменде өрт шыққан үйдің тұрғындарын құтқарған үш жігіт марапатқа ұсынылды