Өңірлер

Орал тұрғыны көшедегі дәретханаға құлап кетті

Оқиға таңғы сағат 10 шамасында автосервис аумағында болған
Sputnik
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Ер адам көшедегі дәретханаға құлап, өліп қала жаздады. Оқиға Оралдағы автосервис аумағында болды, деп хабарлайды жергілікті паблик.
Зардап шеккен адамды жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шұңқырдан шығарып алды.
"Құтқарушылар Шолохов көшесінде орналасқан автосервиске келіп, зардап шегушіні дәретхананың шұңқырынан шығару жұмыстарын жүргізді. 30-35 жастағы ер адам медициналық жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне тапсырылды", - деп хабарлады Батыс қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, көше дәретханасына құлаған ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, ол күкіртсутегімен уланған.