АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Алматыда Саин көшесінің оңтүстік-батысы, Ұлықбек көшесінің қиылысындағы жылу трассасының жарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Апат 19 наурызда болған. "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарлауынша, қазірге дейін 700 мм құбыр сегментін қалпына келтіру аяқталды.
"Жылу трассасы қайтадан іске қосылды және қалыпты режимде жұмыс істейді. Ұлықбек – Саин – Жандосов – Ясауи көшелерінің аумағында ыстық су мен жылу беру қалпына келтіріліп жатыр", - делінген ақпартта.
"Алматы жылу жүйесі" штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда азаматтарды өз бетінше әрекет етпеуге шақырды.