АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында 500-ден астам шетелдік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.
504 шетелдік "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталып, жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 117 мигрантқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
"Шетелдіктерді қабылдайтын Қазақстан азаматтарының көші-қон заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін 260 адам жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 40 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев.
Сот шешімімен 123 шетелдік Қазақстаннан тыс жерге шығарылды. Оларға Қазақстан аумағына 5 жылға дейін кіруге тыйым салынды.
Сондай-ақ бұрын елден шығару туралы сот шешімін орындамаған және облыс аумағында заңсыз жүрген 14 шетелдік мәжбүрлі түрде елден шығарылды. Іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды.
Айта кетері, бұған дейін Сәтбаев қаласында полиция Ресейдің 56 жастағы азаматын ұсталды. Әйел аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін 25 жыл бойы тергеуден жасырынып жүрген.
Ал оның алдында елорда полициясы "Іздестіру" операциясы барысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған Ресей азаматын ұстады. 51 жастағы азамат 1997 жылы тамызда Ресей Федерациясының Ростов облысында серіктесімен бірге екі адамды өлтірген. Қылмыс автокөлікті иемдену мақсатында пайдакүнемдік ниетпен жасалған. Ер адам содан бері қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген.