Ұлттық қауіпсіздік комитеті VIN-коды өзгертілген ондаған автокөлікті ұстады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз– Sputnik. Жыл басынан бері ҰҚК Шекара қызметінің өткізу пункттерінде сәйкестендіру нөмірі өзгертілген 27 көлік құралы анықталды.
Ал 2021 жылы шекарашылар автокөліктерді тексеру кезінде осыған ұқсас 217 заң бұзушылықты анықтаған.
Бұл көліктер құзыретіне қарай полиция органдарына берілді.

"Шекарадан өту кезінде құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерде автокөлік сатып алу кезінде аса сақ болу қажет", - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі (VIN) – 17 таңбадан тұратын бірегей код. Код көліктің өндірушісі мен сипаттамасы, сондай-ақ шығарылған жылы туралы ақпарат береді. Код құрылымы ISO 3779-1983 және ISO 3780 стандарттарына негізделген.
Қоғам
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыс әлемінің "авторитетін" ұстады