НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз — Sputnik. Түркістан облысында 71 сотталған азамат рақымшылыққа ілікті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша пробация есебінде тұрған 71 сотталғанға қатысты “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заңы қолданылды. Шымкент қаласы Абай аудандық сотының қаулысымен 36 сотталған азамат жазадан босатылып, 31 сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды. Қаулы заңды күшіне енді. Ал қалған сотталғандардың іс-құжаттары сот қарауында.
"Әрине, еліміз үшін елеулі кезеңде рақымшылық жасау – игі іс. Оның үстіне биылғы заңда алғаш рет əлеуметтік төмен топқа ерекше назар аударылды. Рақымшылық аясында жазадан босаған адамдардың қалыпты өмірге қайта оралуына жағдай жасалды. Атап айтқанда, бостандыққа шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру, əлеуметтік жəне басқа да көмек көрсету мəселелері құжатта жан-жақты қарастырылған. Рақымшылыққа ілігетін сотталғандарды іріктеуде бұрынғымен салыстырғанда өзгерістер де болды. Себебі 30 жыл ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес рақымшылыққа жататын сотталғандардың санаты да әртүрлі", – деді Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша ПҚ бөлімінің инспекторы Аблабеков.
Өткен жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 14 мыңнан астам сотталған рақымшылыққа ілікті.
Өткен жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 14 мыңнан астам сотталған рақымшылыққа ілікті.
Бұл – ел тарихындағы тоғызыншы рақымшылық.