Оқиға

Қостанай облысында тайып құлаған зейнеткер көз жұмды

Куәгерлердің айтуынша, мұз басқан жолда тайып құлаған 65 жастағы ер адам үйіне бара жатқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Қостанай облысында құлап қалып, басын мұзға соғып алған 65 жастағы ер адам көз жұмды.
Оқиға Қостанай облысының Сарыкөл ауданында болды. Ақпаратты өңір полициясы растады, деп хабарлады Qostanay.tv.
Полицейлердің мәліметінше, басынан жарақат алған 65 жастағы ер адам аудандық ауруханаға жатқызылған, кейінірек ол қайтыс болған.
Тергеу көрсеткендей, сол күні зейнеткер мас болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мұз басқан жолда тайып құлаған. Сараптама оның дене жарақатын алғанын көрсетті.