Қоғам

Білім министрлігі ЛГБТ-ға қатысты бағдарлама әзірленіп жатқанын жоққа шығарды

Sputnik
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде "мұғалімдер қазақтың балаларын гомосексуализмге толерантты болуды үйрететін құжатты әзірледі" деген ақпарат тарады. Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Әлеуметтік желілерде Қазақстанда оқушыларға арналған "ЛГБТ дамыту" және ерте жыныстық ағарту бойынша бағдарлама әзірленіп жатқаны туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл тағы бір фейк. Осындай тақырыптарды насихаттау бойынша қандай да бір оқу бағдарламалары мен пәндер жоқ және болмайды да", - деп хабарлады министрлік.
Сондай-ақ білім министрлігі мұғаілімдердің мұндай бастама көтермегенін айтты.
Өңірлер
"Шығарып тастаңдар!": Қарағандыда жүздеген адам жиналды, ғимарат қоршауға алынды – видео