Токиода наурыздың ортасында Japan International Robot Exhibition (iREX) роботтардың ірі халықаралық көрмесі өтті. Бұл көрме аясында ең озық әрі жаңа технологиялар мен әзірлемелер таныстырылды.
Көрмеге 16 елдің жүздеген ұйымы мен компаниясы қатысты. Ал көрменің ерекше экспонаттарын 140 мыңнан астам адам тамашалады.
Көрермендер автомобиль, құрылыс, денсаулық сақтау, ойын-сауық индустриясы, қауіпсіздік қызметі, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда көмекші бола алатын роботтармен танысты.