Денсаулық

Тамақ ауырғанда қалай емделуге болмайды - дәрігер кеңесі

Аязда суық ауамен тыныс алу, балмұздақ жеу және мұзды су ішу қауіпті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз — Sputnik. Медициналық ғылымдар кандидаты Александра Гусева тамақ ауырған кезде қалай емдеуге болмайтынын айтты.
Оның айтуынша, аязда суық ауамен тыныс алу, балмұздақ жеу және мұзды су ішу қауіпті. Өйткені бұл иммундық жүйені әлсіретеді.
Алайда суықтың пайдасы болатын жағдайлар да бар, дейді дәрігер.

"Егер ауырсыну көмейдің шырышты қабығының жарақатынан кейінгі ісінуінен немесе соққы, тұншығудан кейінгі мойын тініндегі гематомадан туындаса, жарақаттанған жерге суық компресс жасауға болады", - деп түсіндірді ол АИФ-ке берген сұхбатында.

Маман мойынды қыздырмау керектігін ескертті.
"Егер инфекция өршіп кетсе, тін температурасының жоғары болуы патологиялық процесті тездетеді. Бұл ірің және хирургиялық жолмен алып тастауға тура келетін абсцестердің пайда болуына әкеледі", — деп атап өтті Гусева.
Ол тамақты орташа температурадағы арнайы дәрілік ерітінділермен шаюға кеңес берді.
Дәрігер көктемде дәрумен жетіспеушілігінің алдын алу әдісін атады