Фото

Үміт пен нәзіктік: Қытайда шие ағаштары гүлдеді – фото

Гүлдеген шие ағаштары жүректе үміт пайда болуына әсер етеді
Sputnik
Жеміс ағашының бүр жарып, гүлдеген сәтін ежелден сыры көп тылсым құбылысқа балаған. Күні бүгінде де бұл көрініс кеудесінде жүрегі бар кез келген азаматты жалықтыра қоймасы анық.
Сакураның гүлдеуін әдетте Күншығыс елімен байланыстырады. Адамдар осы сұлу көріністі еркін тамашалауы үшін санаулы күнге созылатын бұл кезеңде Жапонияда демалыс жарияланады.
Дегенмен, Қытайда жаппай гүлдеген шие ағаштары да бұл көріністен еш кем түспейді. Қытайдың ірі қалаларындағы саябақтар бұл күндері жергілікті тұрғындар мен туристерге лық толады. Ал көріністі құс ұшар биіктіктен тамашалаған кезде фантастикалық әлем есіңе еріксіз түседі.
Шие гүлдейтін кезеңнің қалай басталғаны туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіз.
1 / 7

Қытайдың Цзянсу шығыс провинциясындағы Нанкин тұрғындары шиенің гүлдеуін тамашалауға отбасы мүшелерімен, кейде, тіпті, үй жануарларымен бірге келеді

2 / 7

Бүр жарған алқызыл гүлдер жастық шақ пен көктемнің белгісі іспеттес

3 / 7

Бүкіл ел аумағында гүлдеген шие фестивалінің науқаны басталады

4 / 7

Қытай қалаларының көп тұрғыны әппақ немесе алқызыл гүлдер көмкерген сұлу көріністі тамашалаудан бас тарта алмайды

5 / 7

Қытайдағы саябақтардан шиенің алуан түрін кездестіруге болады. Бұл жеміс ағаштары гүлдеген шақта саябақтар қардай аппақ түстен нарттай қызыл түске дейін боялады

6 / 7

Шие гүлдеген шақ әсерлі де әдемі естелік суреттер түсіруге арналған таптырмас мүмкіндік

7 / 7

Гүлдеген шие ағаштарының түбінде ғашықтар бірін-бірі кездесуге шақырып, мұндай ғажайып сәттің әсерін күшейтуге тырысады