НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының "Ақ Берен" Маңғыстау филиалының қызметкерлері президентке бейнеүндеу жолдады. Олар жалақы көтеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды "Ақтау-Лада".
Өрт сөндірушілер осындай талапты бір ай бұрын айтқан. Олар айына 65-70 мың теңге алады. Ал елдегі ең төменгі жалақы 2022 жылы – 60 мың теңге. Өрт сөндірушілер жалақыны 300 мың теңгеге дейін көтеруді талап етті.
Ол кезде жұмыс берушілер өрт сөндірушілердің талабын түсінетінін жеткізді. Олар "ҚазТрансОйл" компаниясымен келіссөз жүргізіп жатырмыз деп сендірді. Өйткені қызметкерлер осы компанияның нысандарын өртке қарсы қауіпсіздік және апаттық-құтқару жұмысымен қамтамасыз етеді.