НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Ақорда Берік Уәли Шығыс Қазақстан облысының әкімі болады деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Еске салсақ, мемлекет басшысы өзінің жолдауында Абай облысын құруды тапсырды. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысынан бөлінеді, Семей облыс орталығы болады.
Берік Уәлидің бұрынғы Семей облысының тумасы екені белгілі.