НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді.
Жиын барысында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Президент үкімет пен әкімдерге әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді", - делінген хабарламада.
Президент тапсырмалары
Үкімет пен әкімдер әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде шаралар кешенін қабылдауы қажет;
Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын іске асыру керек;
Әкімдердің азаматтармен жұмыс істеу тәртібін қайта қарап, олардың аудан және ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, мазалаған мәселелерді шешуі, қоғам сенімін арттыруы қажет;
Үкімет пен әкімдіктер жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде жүйелі шаралар қабылдауы тиіс;
Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері бүгінгі Қазақстан халқына арналған Жолдауда жүктелген міндеттерді сапалы жүзеге асыры керек.