Оқиға

Атырауда белгісіз біреу үш адамды өлтіріп кетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз — Sputnik. Атырауда сейсенбі күні кешке белгісіз біреу үш адамды өлтіріп кетті, деп хабарлады "Ақ Жайық" порталы.
Сағат 22.00 шамасында Авангард аялдамасында қаскөй "Калашников" автоматымен екі адамды атып өлтіріп, үшіншісін ауыр жарақаттады.
Қала маңындағы Еркінқала ауылының 27 және 22 жастағы тұрғындары сол жерде көз жұмды, басына оқ тиген 26 жастағы жігіт облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.
Кейінірек қылмыс орнына жақын жерден тағы бір адамның мәйіті табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқ атқан адам қашып кеткен. Полиция оны іздеп жатыр.
Оқиға орнында Атырау облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.