Денсаулық

Вице-премьер неге бетпердені әлі шешуге болмайтынын айтты

Вице-премьер әлемнің отыздан астам елінде коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатқанын ескертіп, босаңсымауға кеңес берді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Вице-премьер Ералы Тоғжанов Ashyq қосымшасы алынып тасталғанына қарамастан, ғимарат ішінде маска режимін сақтау керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен, "жасыл" және "сары" аймақтарда Ashyq алынып тасталды. Қазақстандықтарға далада бетперде тақпауға рұқсат етілді. Алайда ғимарат ішінде маска режимі міндетті.
Тоғжанов қазір коронавируспен байланысты жағдай бақылауда екенін атап өтті. Жергілікті бизнес пен халық үшін пандемия жағдайында жұмыс істеу үшін жағдай жасалған.
"Бүгінде Қазақстанда коронавирустың өсуіне қатысты алаңдаушылық жоқ. Сол себепті біз талаптарды барынша азайттық. Көшеде бетперде тақпау туралы шешім қабылдадық. Ғимарат ішінде тақпауға әзірге рұқсат еткен жоқпыз. Өйткені басқа ауру түрлері, тұмау бойынша эпидемиологиялық ауру жүріп жатыр. Сондықтан әзірге ғимарат ішінде бетперде тағып жүру ұсынылды", - деді Тоғжанов БАҚ өкілдеріне үкімет отырысынан кейін.
Вице-премьер әлемнің отыздан астам елінде коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатқанын ескертіп, босаңсымауға кеңес берді.
Білім беру мекемелеріне Ashyq арқылы кіру талабы алынып тасталды