Экономика

Теңге бағамы тағы төмендеп жатыр

Сауда-саттық штаттық режимде өтіп жатыр, ең жоғары бағам бір доллар үшін 513,06 теңгені құрады
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа өлшемді бағамы сауда-саттық қорытындысы бойынша 512,17 теңгені құрады.
14 наурыз кешке доллардың орташа өлшемді бағамы 511,74 теңге деңгейіне жетті. Бүгін таңертең ұлттық валюта бір доллар үшін 511,81 теңгеге тең болды.
KASE-де сағат 15:30-дағы жағдай бойынша теңгенің орташа бағамы 512,19 теңгені құрады – бұл 16 наурыздағы ресми бағам болып саналады.
Kurs.kz мәліметі бойынша айырбастау пунктері долларды 515-518 теңгеден сатып алып, 520 теңгеге сатады.
2022 жылдың 15 наурызында Қазақстан қор биржасында валюталық сауда-саттық штаттық режимде өтті. Ал оның алдында 9 наурызда сауда-саттық Франкфурт аукционы форматында өткен.
Теңгенің құнсыздануына байланысты жәрдемақы мен зейнетақы көбейе ме