АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстандықтар жеткілікті шек өспей тұрып БЖЗҚ-ға зейнетақы жинағының бір бөлігін алу бойынша көбірек жүгіне бастады.
БЖЗҚ мәліметінше, 1-15 наурыз аралығында қор тұрғын үй сатып алуға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға байланысты 109 мың өтінішті орындады. Ал ақпанда бұл көрсеткіш 86 мың болған.
Ақшаны емдеуге пайдалану бойынша БЖЗҚ 2022 жылдың наурызының екі аптасында толық ақпанға қарағанда көбірек өтінім қарады. 2022 жылдың 1-15 наурыз аралығында – 45 мың өтінім, ақпанда – 39 мың өтінім орындалды.
Айта кетері, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге алу үшін жеткілікті шек артады.
Отбасы банк бұрынғы талаппен ақша алу үшін еnpf-otbasy.kz платформасы арқылы 2022 жылдың 28-29 наурызына дейін өтінім беруге шақырды. Отбасы Банкі өтінімді 2 күн ішінде қарап, оны БЖЗҚ-ға жібереді.