НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстанның паралимпиадашылары Қысқы Олимпиададан елге оралды, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Отандық спортшыларды жанкүйерлер, журналистер, спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілдері Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан күтіп алды.
4-13 наурыз аралығында Қытай мемлекетінің астанасы Бейжің қаласында өткен Паралимпиадада еліміз құрамасының сапында пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев ел намысын қорғады.
Пара биатлоннан (10 шақырым) сынға түскен Александр Герлиц төрт жылдықтың дүбірлі додасының қола жүлдесін жеңіп алды.
Александр Герлиц
© Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Еске сала кетейік, жалпы командалық есепте ұлттық құрама 17 орынға тұрақтады.