Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады

Мектептерде демалыс 2022 жылдың 19 наурызында басталып, 12 күнге созылады
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстан мектептерінде үш күннен соң үшінші тоқсан аяқталады. Көктемгі демалыс 19 наурызда басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мектептерде демалыс 2022 жылдың 19 наурызында басталып, 30 наурызды қосқанда 12 күнге созылады.
Үшінші тоқсанның аяқталуына байланысты білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Telegram каналында оқушыларға жылы лебізін білдірді.
"Оқушыларымызға осы аптада жақсы оқып, тоқсандық бағаларын жақсартуына тілектеспін", - деді министр.
Айта кетері, 2021-2022 оқу жылында сабақ мектептерде 1 қыркүйекте басталды.
Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда 34 оқу аптасы деп бекітілген.
Қазір елдегі эпидемологиялық жағдай тұрақталды, соған байланысты оқушылар 14 ақпаннан бастап мектепте дәстүрлі форматта оқып жатыр.