НАТО Норвегия аумағында ауқымды оқу-жаттығу өткізіп жатыр

Sputnik
Солтүстік атлантикалық альянстың Норвегия мен оған іргелес жатқан теңіз акваториясында ауқымды маневрлер өткізуі "серіктестердің" қуатын тексеруді, РФ Қарулы күштерінің назарын украин жеріндегі әскери іс-қимылдар театрынан басқа бағытқа бұруды, ресейлік жағалаудың теңізде қоршауға алу элементтерін пысықтау арқылы Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуын арандатуды көздейтіні байқалады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
14 наурызда Норвегия мен Норвегия теңізінде НАТО-ның құрлық, әскери-теңіз және әскери-әуе күштерінің Cold Response 2022 оқу-жаттығулары басталды. Оған 27 елдің 30 000-ға жуық әскери қызметкері, 200-ден астам ұшақ пен 50 әскери кеме қатысып отыр. Бұл маневрлер сәуір айына дейін жалғасады. Бұған дейін Корольдік территориясында Brilliant Jump 22 маневрлері аясында НАТО-ның Әрекет ету күштері (12 елдің 2500-ге жуық әскері) орналастырылды.
Альянс интеграцияланған оқу-жаттығулар қорғаныс сипатында екенін, "кез келген бағыттан кез келген қауіпке батыл әрекет ету" қабілетін паш ететінін айтып жатыр. бірақ Норвегия НАТО-мен одақтас Ұлыбритания және Солтүстік теңіз арқылы Даниямен, бейтарап Швеция және Ресей Федерациясымен көрші жатыр. Норвегия мен Ресей арасындағы құрлықтағы шекара шамамен 200 километрді құрайды. Сондықтан НАТО-ның Норвегия мен оған іргелес жатқан теңіз акваториясындағы іс-қимыл тікелей Ресейге бағытталған деп айтуға негіз бар.
Норвегия шекарасынан Мурманскқа дейінгі ең аз қашықтық 100 километрді құрайды. Ал ресейлік Солтүстік флоттың стратегиялық объектілерге дейін ара қашықтық тіпті жақын.
Cold Response 2022 оқу-жаттығуына АҚШ Әскери-әуе күштерініңекі соққы жасаушы авиатасымалдағыш топ пен төрт стратегиялық жоғары дыбысты бомбалаушы ұшақ қатысып жатқанын ескеру керек. Олар көзге көрінуі төмен және 980 километрге дейін ұша алатын шағын AGM-158B JASSM-ER 24 дана қанатты зымыран алып жүруге қабілетті. Мұндай зымырандар жоғары деңгейде қорғалатын маңызды нысандарды жоюға арналған және F-15E, F-16C/D, F-35C жойғыш ұшақтарымен бірге қолданыла береді.
Норвегияның Аннейя авиабазасында АҚШ Әсксери-әуе күштерінің патрульдік авиацияның Boeing Р-8 Poseidon эскадрильясы орналастырылған. Мәскеу мен Вашингтон арасындағы шиеленіс ұлғайып жатыр. Украинада Ресей арнайы әскери операция өткізіп жатқан шақта Cold Response 2022 маневріне қатысты көзқарас басқаша болып отыр. Себебі ол Ресей Федерациясына солтүстіктен соққы жасау ықтималдылығын арттырады. Сонымен қоса, 2020 жылмен салыстырғанда, НАТО-ның биылғы маневрлерге қатысатын әскер саны екі есе өскен.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ядролық соғыс ықтималдығы туралы әңгімені НАТО мен Украина бастады – Лавров
НАТО біріккен күштері аталған оқу-жаттығуда HMS Prince of Wales авиатасымалдағышын командалық кеме ретінде қолданып отыр. Ол жаһандық оқиғаларға қатысты әрекет ету үшін құрылған халықаралық НАТО Жоғары дайындықтағы теңіз күштеріне жетекшілік етуге жауап береді.
Хроленконың пікірінше, америкалық авиатасымалдағыш USS Harry S ұшағының маневрлерге қатысуы тым оғаш болып отыр. Қалай болғанда да 200 ұшақ, 50 әскери кеме мен 30 мың құрлықтағы әскер қатысатын оқу-жаттығу барысын ресейлік Солтүстік флот жіті бақылауда ұстап отыр. Ресейдің кеме, авиация және ғарыш күштері мен құралдары альянс маневрлерін айқын тамашалауға мүмкіндік береді.
Мысалы, оқу-жаттығуларды бақылау және қауіп төнген жағдайда тиісті деңгейде әрекет ету үшін ресейлік "Циркон", "Триумф", "Бастион" қолданылады. Баренц теңізінің Ресейге қарасты аумағынан ұшырылған "Циркондар" шамамен 10 минут ішінде Норвегия теңізіндегі нысананы қирата алады. Солтүстік флоттың әлеуеті кез келген қарсыласқа тойтарыс беруге қабілетті.
Әлемде ешкім Норвегияның табиғат байлықтарына немесе территориясына көз тігіп отырған жоқ. Сондықтан өркениетті корольдіктің өз аумағын Ресейге қарсы соғыс жүргізу үшін пайдалануға беріп отырғаны түсініксіз. НАТО маневрлері Арктикадағы әскери шиеленісті күшейтіп жатыр.
"АҚШ-тың агрессивті сыртқы саясаты НАТО елдері мен бүкіл адамзатты Үшінші дүниежүзілік соғысқа итермелеп отыр. ҚХР СІМ басшысы Чжао Лицзянь Вашингтонның жалған ақпарат таратуын өткір сынға алып, америкалықтарға "украин дағдарысының өршуіндегі өз рөлдерін қайта қарастыруға" кеңес берді", - деп жазды Александр Хроленко.