Дәрігер көктемде дәрумен жетіспеушілігінің алдын алу әдісін атады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз — Sputnik. Көктемде ағзадағы витамин жетіспеушілігін жасұныққа бай жеміс-көкөністермен түрлі диета ұстап, сондай-ақ витаминдер мен минералдардың көмегімен толықтыруға болады, дейді Performance Group компаниясының жетекші диетологы Антон Бердов.
"Ерте көктемде адамдар өткір дәрумен жетіспеушілігін (ағзада витамин жетіспеушілігі сезілетін жағдай) сезінеді. Бұл жалпы жағдайға, көңіл-күйге, терінің, шаштың, тырнақтың күйіне әсер етеді. Үйлестірілген тағам арқылы дәрумен жетіспеушілігінің алдын алуға болады. Ең алдымен, қатаң диеталардан бас тарту керек – көктемгі диета алуан түрлі болуы керек және ол құрамында жасұныққа бай тағамдарды (әсіресе жемістер мен көкөністерді) қарастыруы қажет", - деді Бердов.
Сарапшының айтуынша, витаминдер мен минералдар жиналып тұрмайтындықтан, олардың ағзаға күнде түсуін қамтамасыз ету керек.

Ең алдымен қай дәрумендерге мән беру керек

Кальцийге назару аудар қажет. Себебі ол сүйек пен тістің омырылғыштығын жояды. Бұл витаминді сүт өнімдерінен алуға болады. Ал гемоглобин деңгейін арттырып, дел-сал күйден арылуға темір көмектеседі. Темір сиыр етінде, субөнімде, қарақұмық пен кептірілген жемісте бар.
Ал йод тапшылығы жүрек-қантамыр, сүйек, ас қорыту жүйелерінің жұмысындағы ақауға алып келуі ықтимал. Сондықтан теңіз өнімдері мен йодталған тұзды тұтыну арқылы осы дәрумен тапшылығын жоюға болады.
Көктемде ағзадағы мырышты да естен шығармау керек. Өйткені мырыш тапшылығынан ұйқы бұзылып, үнемі көңіл-күй түсіп жүруі мүмкін, дейді дәрігер. Балық, ірімшік пен сиыр етінің құрамында мырыш көп мөлшерде кездеседі.