Қоғам

Танымал заңгер қандастардың азаматтығын тексеруді сұрады

Омарова барлық іске ҰҚК қызметкерлерінің қатысы бар екенін айтты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Қаңтардағы тәртіпсіздіктерді тергеу жөніндегі комиссияның жетекшісі, адвокат Айман Омарова тарихи отанына оралатын этникалық қазақтар бойынша президентке үндеу жолдады.
Бүгін мәжіліс отырысында Омарова Қасым-Жомарт Тоқаевтан соңғы бес жылда шетелден көшіп келген этникалық қазақтардың көші-қон бағдарламасын әзірлеуді сұрады. Негізгі мақсат – оларды қоғамға толығымен интеграциялау. Сондай-ақ, танымал адвокат таяу және алыс шетелден "этникалық қазақ" болып көшіп келгендерге азаматтық берудің заңдылығын тексеруді ұсынды.
Отырыс кезінде адвокат қаңтардағы тәртіпсіздіктерге екі жылдай дайындық жасалғанын айтты. Осы уақыт ішінде ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің көмегімен елге Ауғанстан азаматтары кіріп кеткен.

"2019 жылдан бастап Қазақстанға Ауғанстаннан адамдар келгені туралы ақпарат бар, оларға статус берілген. Қаңтардағы оқиғалардан кейін олардың паспорттары жойылған", - дейді Айман Омарова.

Оның айтуынша, қазір олар Қазақстаннан шығып, Түркияға және Еуропаға кеткен. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде калий цианиді бар бірнеше бөшке де ұрланған.
"Ғалымжан Нақбаевтың ісі бойынша қоймалардан әсері күшті улы заттар, калий цианидінің бірнеше бөшкесі ұрланды. Бұл заттың 500 грамы бір қала халқын жансыздандырып тастауға қауқарлы. Зауытта шамамен 35 бөшке болған. Бұдан бөлек, қоймаларда басқа да химиялық заттар болған: күйдіргіш сода, азот қышқылы және басқа да заттар", - деді адвокат.
Омарова барлық іске ҰҚК қызметкерлерінің қатысы бар екенін айтты.
Қаңтар оқиғасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеуге кедергі келтіріп жатыр – Омарова