Өңірлер

Синоптиктер ертеңге арналған ауа райы болжамын айтты

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз — Sputnik. Сейсенбіде елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Солтүстікте қар жауып, боран соғады, оңтүстік жартысында жаңбыр жауады. Жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Республиканың оңтүстігінде - найзағай.

Дабылды ескерту

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде 15-18 наурыз аралығында қар көшкіні жүру қаупі сақталады.
Ақмола облысында боран соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Батысы мен шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, тұман болады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын, найзағай, тұман болады.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында боран соғады. Батыстан жел соғады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан: 15 наурызда түнде және таңертең тұман түсіп, қар жауады, күндіз 6-8, түнде 12-14 аяз болады.
Алматы: 6-8 жылы, күндіз қар жауады.
Шымкент: 15 наурызда түнде және таңертең қатты жауын - шашын, күндіз 8-10 жылы болады.