НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын жіберді: екінші легі 15 наурызда жөнелтіледі, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Гуманитарлық көмектің бірінші партиясына жалпы салмағы 28,2 тонна дәрі-дәрмек енді: антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертезивті препараттар.
"Қазақстан басқа мемлекет тарапынан ресми өтінішке жауап ретінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскен соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді", - делінген хабарламада.
Украина аумағына жүктерді қауіпсіз жеткізу үшін Қазақстан үкіметі Украинаға халықаралық гуманитарлық көмек алу және тарату үшін хабтар орналастырылған көрші мемлекеттермен келісімге келді.
Осылайша Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Алматы - Катовице (Польша) бағыты бойынша гуманитарлық жүкті әуе кемесімен жеткізу мәселесін қарастырды.