Қаңтар оқиғасы

Қаңтар оқиғасына кем дегенде екі жыл дайындалған – Айман Омарова

Sputnik
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Қаңтардағы тәртіпсіздіктерді тергеу жөніндегі "Ақиқат" комиссияның басшысы, адвокат Айман Омарова қайғылы оқиғаға не себеп болғанын айтты.
"Оқиғаға Маңғыстау облысында газ бағасының көтерілуі триггер болды, алайда қаңтар оқиғаларына кейінгі 5-6 жылда жиналған әлеуметтік-экономикалық проблемалар ғана себеп болды деп айту қиын", - дейді Айман Омарова.
Ол билік өзгермейтін елде, қоғамның барлық саласында сыбайлас жемқорлық жайлап, ұлттық ресурстар олигархтар деп аталатын адамдардың белгілі бір тобында болған кезде мұндай оқиғаларды айналып өту мүмкін болмағанын айтты.
"Халықтың сенімінен баяғыда айырылған құқық қорғау органдарын, сондай-ақ сот жүйесін айтпаса болмайды. Әсіресе, басшылығы мен қызметкерлері басқа құқық қорғау органдарына, прокуратураға және тіпті соттарға ғана емес, іс жүзінде шексіз билікке ие болған ҰҚК қызметіне назар аударғым келеді", - деді Айман Омарова.
Омарованың айтуынша, қаңтар оқиғаларына кем дегенде екі жыл дайындық жүргізілген. Алайда террористік топтардың бар екені туралы қауесет одан бұрын да тараған.
"Көптеген адам мұның бәрі бейбіт митингілерден басталды деп қателесіп отыр. Шындығына келгенде бәрі әлдеқайда ертерек, оқиғаларға ақпараттық дайындықтан басталды. Бейбіт митингілер – біз өз көзімізбен көргеніміздің басы. Егер оқиғаларды шартты түрде бөлсек, онда олар оқиғаларға ақпараттық дайындықтан, одан әрі – ақпараттық соғыстан және көшедегі оқиғалардан тұрады", - деп атап өтті ол.