Оралда эскалаторда сәби анасының қолынан құлап кетті

Тоғыз айлық қыз өте ауыр жағдайда жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Оралда сауда орталықтарының біріндегі эскалаторда кішкентай қыз анасының қолынан құлап кетті, деп жазды "Мой город" порталы.
Эскалатормен көтеріліп бара жатқан кезде қыз анасының қолынан сусып шығып, 1,5-2 метрдей биіктіктен сүйеніштің арғы жағына құлап кеткен.
Оқиға жексенбі, 13 наурыз күні болған.
Тоғыз айлық қыз өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Оған жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, миға қан құйылған деген диагноз қойылды. Дәрігерлер қызды аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр.
Әлем
Жас ана селфиге түсемін деп баласын өлтіріп алды – видео