НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Шымкентте жаңа туған баласын көшеге тастап кеткен 27 жастағы әйел ұсталды.
Өңірлік Otyrar басылымының хабарлауынша, әйелге қатысты 119-баптың бірінші бөлігі (Қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Бір күн бұрын көпқабатты үйдің ауласынан жаңа туған нәресте табылған болатын. Оны студент қыздар тауып алып, полицияға хабарлаған.
Аталған факті бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 12 наурызда 27 жастағы қала тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді.
Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.