Әлем

Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілген 81 адамды өлтірді

Өлім жазасына кесілгендер қауіпсіздік қызметкерлеріне шабуыл жасау және террористік ұяшықтарды ұйымдастыру әрекеттері үшін айыпталды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Сауд Арабиясында бір күнде сотталған 81 адамды өлтірді. Олардың барлығы террористік ұяшық ұйымдастырғаны үшін өлім жазасына кесілген болатын.
Корольдіктің ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, сотталғандардың ішінде Йеменнің жеті азаматы және бір сириялық бар. Қалғаны – Сауд Арабиясының шығысынан шыққан азаматтар, көбісі – жастар. Ол жақта шейт қауымы тұрады. Олар Әл-Сауд отбасының билігіне қарсы.
"Жоғарғы және апелляциялық соттар 81 адамды өлім жазасына кесу туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Үкімді орындау туралы қаулы шықты. Оны сенбі күні орындады", - делінген ресми хабарламада.
Өлім жазасына кесілгендердің бәрі қауіпсіздік қызметкерлеріне шабуыл жасау және террористік ұяшықтарды ұйымдастыру әрекеттері үшін айыпталған болатын. Тергеу материалдарына сүйенсек, оларға шетелден қолдау жасалған.
Қоғам
Қазақстанда өлім жазасы алынып тасталды
Сауд Арабиясының мемлекеттік ақпарат агенттігі сотталған адамдардың "Ислам мемлекеті", "Әл-Каида" және тағы басқа террористік ұйымдармен байланыста болғанын хабарлады.
Айта кетері, Сауд Арабиясында декапитация (басты шауып тастау) өлім жазасының негізгі түрі саналады. Бұдан бөлек, таспен атып өлтіру жазасы қолданылады. Ату жазасы да бар.