Риддер тұрғыны теміржол көпірінен құлап кетті – видео

Әйелді құлаған жерінен алып шығу үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында әйел теміржол көпірінен құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 13 наурызда болған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, дәрігерлер теміржол көпірінен құлаған әйелді жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізу үшін Риддер қаласының құтқарушыларына хабарласқан.
"Ол рельспен жүріп келе жатқанда аяғы тайып, көпірден құлап кеткен. Біз келгенде сөйлей алмады, жағдайы ауыр болды", - дейді құтқарушылар.
Әйелдің құлаған жеріне көлік өте алмайды. Содан құтқарушылар оны зембілге салып, жедел жәрдем көлігіне дейін көтеріп апарған.
Өңірлер
Алматы облысында джип көпірден өзенге құлады, бір адам қаза болды – видео