Өңірлер

Қызылорда облысында жасы жүзден асқан 29 қария тұрады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында жасы жүзден асқан 29 қария бар, оның басым бөлігі – батыр аналар, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Қос ғасыр куәгерлері әлі де тың. Мысалы, 102-ші көктемін қарсы алу бақыты бұйырған санаулы кейуананың бірі – Арал ауданында тұратын Күлмаш Жүрсінбаева.
Өткен ғасырдағы аштық, соғыс зұлматын көріп, бертін келе сауда-саттық саласында тер төккен еңбек және тыл арадагері есеп-қисапқа әлі де жүйрік.
"Қиыншылықты да көрдік, жоқшылықты да көрдік. Енді мына кіші баламның қолында отырмын, қара шаңырақта", - дейді тыл ардагері Ілия Рысқұлова.
102-ге толған Ілия әжейді күллі Қазалы жұрты қадір тұтады. Қос ғасыр куәгерінің жастық шағы соғыс кезімен қатар келіп, тылда тынбай еңбек етті. Өнегелі әулеттің отын маздатқан шамшырақ ана бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты өмір сүріп келеді.
Телеарна ақпаратынша, жалпы Сыр өңірінде жүз жастан асқан 29 қария болса, оның басым бөлігі – батыр аналар.
Әлем
Жүз он бір жыл жасаған қария өлімнен қалай "қашқанын" әңгімелеп берді