НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Санкт-Петербург – Сочи бағытындағы жолаушылар ұшағы Қазақстан үстінен ұшып бара жатып дабыл белгісін берген. Оған әуе кемесінің "миналанғаны" туралы хабарлама себеп.
Қазақстан авиация әкімшілігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Ұшақ Қазақстанның әуе кеңістігінен 18.50-де шыққан. Әуе кемесінің "миналанғаны" туралы хабар жалған болып шықты.
"Санкт-Петербург – Сочи бағытындағы А319 әуе кемесінен миналау туралы хабарлама түсті. Ұшақ апатты жағдай жариялап, Астраханьға бет алды", - деп мәлімдеді авиация әкімшілігіндегілер РИА Новостиге.
Кейін апатты жағдай жойылды, борт штатты режимде Сочиге ұшты.