Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды

Қайрат Сатыбалдыұлы – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз - Sputnik. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Қ.Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Қайрат Сатыбалдыұлы – Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.
Қоғам
Тоқаев Самат Әбішті қызметінен босатты